Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
31 желтоқсан мереке күні болып белгілене ме? Министрлік жауабы

Жаңа жыл қарсаңында көпшіліктің көкейіндегі басты сұрақтардың бірі – 31 желтоқсанды ресми мереке күні ретінде жариялау мүмкіндігі тағы да Үкімет отырысында көтерілді. Бұл жолы да нақты жауапты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек департаментінің басшысы Шалқар Оразбеков берді.

"Иә, бұл сұрақты біз бұған дейін бірнеше рет қарастырдық. Халықаралық тәжірибені зерделей келе, мәселені жан-жақты сараптап, 31 желтоқсанды ресми мереке күні ретінде белгілемеуді жөн деп шештік", – деді департамент басшысы.

Оразбековтың айтуынша, көптеген елдерде 31 желтоқсан жұмыс күні болып есептеледі және бұл күннің ресми демалыс ретінде қабылдануы – экономикалық, өндірістік тұрғыдан негізсіз болуы мүмкін. Оның орнына жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы келісімге сай, бұл күнді қысқартылған жұмыс күні ретінде белгілеуге мүмкіндік бар.

"Бұл — әр мекеме мен ұйымның ішкі еңбек тәртібіне байланысты. Егер ұжыммен келісілсе, 31 желтоқсанда жұмысты ерте тоқтату немесе қосымша демалыс беру — жұмыс берушінің құзырындағы мәселе", — деді ол.

Бұған дейін қоғамда 31 желтоқсанды мереке күні етіп бекіту туралы бірнеше ұсыныс айтылған. Әсіресе ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен мемлекеттік қызметкерлер бұл бастаманы қолдаған болатын. Себебі жаңа жылға дайындық, отбасылық іс-шаралар мен мерекелік сапарлар дәл осы күні басталады. Алайда әзірге бұл күнге ресми мәртебе беру жоспарда жоқ.

Сонымен, 31 желтоқсан – ресми мереке емес, бірақ мекеме ішіндегі келісім негізінде қысқартылған жұмыс күні ретінде белгілене алады.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама