Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Пекинді алапат нөсерден ондаған адам қаза тауып,80 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

Пекинді алапат нөсерден ондаған адам қаза тауып,80 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.

Қытай астанасы Пекинде соңғы онжылдықтағы ең күшті нөсер жауын салдарынан кемінде 30 адам қаза тапты. Ең көп шығын Миюнь таулы ауданында тіркелді — мұнда 28 адамның мәйіті табылған. Тағы екі тұрғын Яньцин ауданында қаза тапты, деп хабарлады Қытайдың мемлекеттік "Синьхуа" агенттігі.

Қатты жауын тек Пекинмен шектелмей, елдің басқа өңірлеріне де зардабын тигізді. Хэбэй провинциясында жауған жауын мен тау көшкіндері салдарынан сегіз адам қаза тауып, төрт тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Апатты жағдайға байланысты Пекин, Тяньцзинь және Хэбэй аймағынан 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Көшелер мен ауылдарды су басып, көлік қозғалысы тоқтады. Жүздеген ұшақ пен пойыз рейсі кейінге шегерілді немесе мүлдем тоқтатылды. Тяньцзинь қаласында тұтас ауылдар су астында қалды, бір қабатты үйлердің тек шатырлары ғана көрінетін жағдайға жеткен.

Қытай метеорологтарының мәліметінше, 23 шілдеден бері аймаққа 573 мм жауын-шашын түскен — бұл көрсеткіш бүкіл жылдың орташа мөлшеріне тең. 26 шілде күні Хуайчжоу секілді таулы аймақтарда тек бір сағаттың ішінде 95 мм-ден астам жауын жауған. Бұл — әр шаршы метр жерге 95 литр су түсті деген сөз.

Метеорологтар жауын-шашынның мұндай көлемі әдеттен тыс екенін атап өтті. Сарапшылар бұл жағдайды жаһандық климат өзгерісінің әсерімен байланыстыруда. Қытай билігі зардап шеккен өңірлерге көмек жеткізуді ұйымдастырып, тасқын қаупі сақталып отырған аудандарда сақтық шараларын күшейтті.

Қазіргі таңда іздестіру-құтқару топтары жоғалған адамдарды іздестіруде, ал инженерлік қызметтер құлаған көпірлер мен бүлінген жолдарды қалпына келтіруге кіріскен. Суға батып қалған ауыл-аймақтарда індет таралуының алдын алу үшін санитарлық-дезинфекциялау шаралары басталды.

Жағдай бақылауда болғанымен, жергілікті билік тұрғындарды аса сақ болуға және төтенше жағдай туралы ақпаратты үнемі бақылап отыруға шақыруда.

You Might Also Like

Новости

Реклама