Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
31 - мамыр саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған сценарий
31 - мамыр саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған сценарий
● Білімділік: XX ғасырда біздің қазақтай көп қырылып, жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде - кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу. Алған білімді тереңдету, дамыту, мұғалімнің көмегінсіз оқып үйрену. Еліміздің талай қырылып, талай қиыншылықты басынан өткеріп жеткенін түсіндіру.
●Дамытушылық: Дайын дереккөздерін, сызбаларды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын аша білу дағдыларын қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлап, әртүрлі
тапсырмаларды орындай білулеріне бағыт беру.
● Тәрбиелік: Студенттердің Отанға, елге, туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.
Жүргізуші 1: Қайырлы күн аса құрметті ұстаздар, студенттер! 31 - мамыр саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған салтанатты линейканы ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші 2: Добрый день дорогие студенты, преподаватели! 5 апреля 1997 года Президент Республики Казахстан подписал Указ об установлении 31 мая Днем памяти жертв политических репрессий.
И нельзя промолчать
Как нельзя допустить
Повторения прежних кошмаров…
Жүргізуші 1: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын енгізуге рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші 1: Тоталитарлық режим - Тоталитарлық – (латын сезінен – totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады.
Жүргізуші 2: Да, мы многого не знали из той поры… Или не хотели знать? Или боялись знать? Как ни прискорбно сознавать, но наше общество до сих пор не имеет точного и глубокого знания о себе.
И вот сейчас, когда открылись тайные задвижки архивов и человеческих душ, на страницах газет, журналов стали появляться свидетельства очевидцев, документы в той или иной мере восполняющие пробелы в одной из самых трагических страниц нашей истории, истории нашего края.

Әдеби монтаж
1 оқушы:
Ресми деректер бойынша КСРО – да 3, 77 млн адам сталиндік репрессия құрбаны болған. Олардың 500 мыңы атылса, қалғандары - 25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған.
Бүгінгі таңда 1921 - 1954 ж аралығында 103 мың адам қуғын - сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған.
Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз қуғындалған адам ақталды.
Олардың ішінде Қазақстанға жер аударылғандар бар.

2 оқушы:
Над Долинкой свирепы ветры,
В колючей проволоке Спасск,
Но смотрят в наши души с верой
Седые люди в черный час.
Посмертна жизнь реабилитаций,
Но – на века, и — для веков.
Спать невозможно. Лица снятся
Карлаговских большевиков

3 оқушы:
Саяси қуғын - сүргін сипаттары:
- 1921 – 23 жылдарда малды тартып алу
- малдан айырылудың кесірінен болған аштық
- шаруалар көтерілісі мен “бандыларды жою” деп аталған қырғын науқан
- бай – кулактарды жою, олардың мүліктерін
тәркілеу және жер аудару
- 1923 - 33 жж арлығындағы дін өкілдерін жазалау
- халық жауларымен, шетел тыңшыларымен жүргізілген күрес

4 оқушы:
Наш круг все слабее и реже, друзья,
Прощанья все чаще и чаще…
За завтрашний день поручиться нельзя.
И даже за день настоящий.
И в эти тяжелые, страшные дни,
В чреде их неверной и лживой,
Так хочется верить, что мы не одни,
Услышать во мраке: «Мы живы».
Мы прежним любимым знаменам верны,
И даже под небом ненастья
По - прежнему меряем счастье страны
Свое отлетевшее счастье…

5 оқушы:
1938 жылғы саяси репресиия құрбандары - елінің біртуар азаматтары еді... Олар елі үшін тер төгіп, еңбек етіп, шыбын жандарын қиды.."Халық жауы" деп сөккендері осылар еді. Сол жылғы саяси репрессия құрбандары Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынов сынды әдебиеттер дүлділдері жазықсыз жан тапсырды..

6 оқушы:
Я верю, (вы перечить мне не станете)
Что правда мать всегда свое берет,
Но разве вырвать из народной памяти
Шли миллионы в свой последний бой
И если б не они, что мы застали бы,
На этой вот планете голубой?
Карлаги? Бухенвальды? Крематории?
Кровавых братьев – фюрера с вождем?
А за спиной у нас стоит история,
Как женщина под проливным дождем,
Дождем из слез и крови, с потом смешанных,
И некуда укрыться от него.

1 оқушы: Елінің, туған жерінің азаттығы деп шырылдаған азаматтар
Бірге: МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ!

Жүргізуші 1: Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола лагерінде» (АЛЖИР)
С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, М. Тәтімов, Т. Жүргенов,
Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары
қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 қаңтарда, мәселен, мұнда 1 - 3 жас аралығында балалары
бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде
сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын.

Жүргізуші 2: У всех нас есть нравственный долг перед жившими ранее поколениями. Судьбы миллионов жертв политических репрессий никем не выдуманы. Это жестокая реальность. Казахская земля стала местом дислокации многочисленных концентрационных лагерей – одного из наиболее страшных изобретений тоталитаризма.
Память о прошлом нужна нам не только для того, чтобы исполнить долг перед жертвами режима, она необходима для того, чтобы избежать повторения ошибок.
Жүргізуші 1: Қорытынды сөз кезегі колледж директоры Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлына беріледі (директордың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орыбасары Бахтиярова Бақытгүл Жанұзаққызына беріледі)
Музыкалық номер – ән
Жүргізуші 1: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын шығаруға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші 2: Бүгінгі 31 - мамыр саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне орай
арналған салтанатты жиынымыз жабық деп жарияланады.
Жүргізуші 1: Қазақ халқы деп шырылдаған ер жүректер мәңгі есімізде болмақ... Бұл күн
қазақ елі үшін түбінде қайғы қасіреті жатқан қаралы күн. Әрбір қазақ баласы осы қайғы
қасіретті ұмытпауы тиіс.
Көріскенше күн жақсы аман сау болыңыздар!

Р. Байсеитов атындағы
Семей қаржы – экономикалық колледжі РМКҚ
Дайындаған К. С. Конкашева
31 - мамыр саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған сценарий жүктеу

You Might Also Like

Новости

Реклама