Последнее обновление

(Время обновление 8 минут назад)
500 мың теңгеге Алагөзовтердің үйін мақтағандарға сыйлық беріледі

Бейбіт Әлібековтің «По домам» YouTube-жобасының жаңа шығарылымы қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен оның жары, продюсер Баян Мақсатқызының Алматы маңындағы зәулім үйіне арналды. Жұп бұл шығарылым туралы ең үздік пікір қалдырған оқырманға 500 мың теңге немесе Баян Мақсатқызының бренд сөмкесін сыйға тартпақ.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аумағы 4 гектардан асатын зәулім вилла

Сәні мен салтанаты жарасқан вилла Алматы іргесіндегі таулы аймақта орналасқан. Жалпы аумағы 4 гектар, ал үйдің өзі 2 мың шаршы метрден асады. Әр бөлмесі талғампаздықпен безендірілген шаңырақтың ішкі әрлеуінде жылтыр мәрмәр, қымбат дизайнерлік жиһаздар және кең киім бөлмелері көз тартады. Үлкен шкафтарда Louis Vuitton, Swarovski, Hermès секілді әлемдік брендтердің сирек кездесетін үлгілері сақталған.

«Бәрі әйелім үшін»

Үй ішінде жеке бассейн, жаттығу залы, тіпті үй жануарларына арналған арнайы бөлме де бар. Зәулім үйдің ауласындағы ерекшеліктердің бірі – заманауи үлгідегі сәнді киіз үй. Сегіз қанатты киіз үйдің іші ұлттық нақышта безендіріліп, қонақ күтуге барлық жағдай жасалған. Бұл отбасының дәстүрге деген құрметін көрсететін символикалық кеңістік Баян Мақсатқызының өтінішімен бір ай ішінде дайындалыпты.

«Мұның бәрін әйелім үшін істедім», – дейді Тұрсын Алагөзов.

Жеке фитнес орталығы мен бассейн

Алагөзовтер отбасы салауатты өмір салтын ұстанады. Үй ішінде кәсіби деңгейдегі тренажер залы мен фитнес орталығы орналасқан. Мұнда спортзалға бармай-ақ, кез келген уақытта жаттығу жасауға болады. Ал жаттығудан кейін сергу үшін үйде кең бассейн де қарастырылған.

Үздік пікірге – 500 мың теңге

Шығарылым соңында Бейбіт Әлібек үй иелерінен ең үздік пікір үшін қандай сый ұсынатындарын сұрағанда, кәсіпкер жеңімпазға 500 мың теңге беруге дайын екенін айтты. Ал әйел адам ұтқан жағдайда Баян Мақсатқызы өзінің бренд сөмкелерінің бірін сыйға бермек.

1 тәулік ішінде видео 550 мыңға жуық көрілім жинап, 13 мыңнан астам пікір жазылған. Желі қолданушылары бұл жұптың қарым-қатынасына, бір-біріне деген сыйластығына таңданыстарын білдіруде. Көпшілігі бұл шығарылымнан кейін өздерінің тұрып жатқан үйлері лашық тәрізді болып көрінетінін айтқан.

Новости

Реклама