Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
6 миллиард теңге шығын: Алматылықтар Дәурен Айдарқұлов бастаған актерлерді қамауды талап етті

Алматыдағы «Jan Production» киностудиясының кезекті сот отырысында жәбірленушілердің өкілдері танымал актерлерді қамауға алуды талап етті. Ата-аналар балаларының киноға түсіп, жұлдыз атанады деген үмітімен студияға миллиондаған теңге беріп, алданып қалған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актерлерді жауапқа тарту талабы

Жәбірленуші тараптың үндеуінде Жан Байжанбаев, Дәурен Айдарқұлов, Берік Айтжанов, Жанна Қуанышева және Қуандық Шәкіржанов сынды танымал тұлғалардың аты аталды. Олардың «Jan Production» киностудиясының жарнамасына қатысып, халықты алдауға себепкер болғаны айтылады.

Жәбірленушілердің адвокаты Раушан Омарованың айтуынша, олар барлық қатысушы тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріп, қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қарауды талап етеді. «Барлық қатысушы тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беруді, сондай-ақ істің қатысушыларына, оның ішінде «Jan Production» қызметімен көпшілік алдында байланысты тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені қарауды талап етеміз», - деді адвокат.

6 миллиард теңге шығын

Шағымданушылардың айтуынша, келтірілген шығын 6 миллиард теңгеден асып түскен. Ата-аналар студияны жарнамалап, жұртты алдаған актерлер де жауапсыз қалмауы керек деп санайды. Олар әлі күнге дейін қаражаттарын қайтара алмай жүр.

«Jan Production» басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Компания істеріне сендіру үшін ата-аналардан 1,5-2 миллион теңге аралығында ақша алып, келісімшарт жасалған. Алайда, уәделер орындалмаған. Жәбірленуші ретінде 130 адам арыз жазған.

Новости

Реклама