tengrinews.kz
- 19 мар. 2026 17:31
- 29
600 мың теңгеге дәрігер дипломын сатып алмақ болған қазақстандық ұсталды
Абай облысында полиция алаяқтық әрекетті әшкереледі. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Полицияға 24 жастағы ауыл тұрғыны хабарласып, ақпан айында алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Ол 44 жастағы әйелге медициналық диплом жасаймыз деген сылтаумен 600 мың теңге берген.
Алайда, уәде етілген диплом берілмеген соң, жәбірленуші полицияға арызданған. Тергеу барысында күдікті әйел ұсталып, алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция құжаттарды «жедел» немесе «бейресми» түрде рәсімдеу заңсыз екенін және қаржылық шығынға ұшырап қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін екенін ескертеді.