Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
"Ағып кеткен" Алтынай Жорабаеваның сырт келбеті жұртты таңғалдырды

Әнші Алтынай Жорабаеваның LIVE арнасына берген сұхбатындағы сырт келбеті жұртшылықты таң қалдырды. Көпшілік әншінің жас ерекшелігіне сай емес, қартайып кеткенін айтып, түрлі пікірлер білдіруде.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сұхбаттағы жағдай

Сұхбат барысында Алтынай Жорабаева ұзатылғалы жатқан қызы туралы айтып, "Құдағиыма қызымның жақсысын асырып, жаманын жасырасыз дедім. Жұрттың көбі қыздарыма қызығып, құда болғысы келетінін айтады. Шешесі сияқты пысық деп ойлайды. Қыздарым сондай пысық деп айта алмаймын. Мен де пысықтықты кейін үйрендім ғой", – деп күлген.

Желідегі пікірлер

Алайда, көпшіліктің назары әншінің өзіне ауды. Желі қолданушылары әншінің сырт келбетіне қатысты алаңдаушылықтарын білдіріп, "Түріне не болған?", "Сонша қартайып кетіпті", "Масқара, түрі ағып кетіпті ғой", "Бұл сонша кәрі жаста емес еді ғой, не болған?" деген сияқты пікірлер қалдырды.

Новости

Реклама