Photo: Natasha Fernandez (https://www.pexels.com/@coralbellestudios) / Pexels
- 13 февр. 2026 08:01
- 27
«Аяқтан тарту, өсек бітпейді»: Гүлзира Айдарбекова немересі Алауға қатысты сынға жауап берді
Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова немересі Алауға қатысты айтылған кейбір сынды пікірлерге жауап берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазған ойларында, кейбір адамдардың жас баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздер айтуына қынжылысын білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айдарбекованың айтуынша, «Пәленшенің немересі, түгеншенің қызы» деп Алауды тілдеу оған қатты батқан. Ол адамдардың ішкі дүниесінің таза болуы маңызды екенін атап өтті. «Қандай перзентіміз болса да, ішкі дүниесі адалынан болсын. Небір сырт көзге сыпайы, керек десеңіз, орамалмен де көріп жатырмыз, бірақ беті жылтыр, іші қылтыр жандар да бар. Бастысы – ұрпағымызда екіжүзділік болмасын», – деп жазды продюсер.
Қоғамдағы жағымсыз әдеттер
Гүлзира Айдарбекова қоғамдағы біреудің жетістігін көре алмау, өсек айту сияқты жағымсыз әдеттердің жиі кездесетінін де тілге тиек етті. Ол мұндай мінез-құлықты «ең ауыры» деп атап, «Бізде ең ауыры – біреу алға шықса, аяқтан тарту өте көп, өсек бітпейді», – деді.
Продюсер немересі Алаудың болашақта алаулаған жалынды, қайсар қыз болып, бүкіл қазақ елінің мақтанышы болуын тілеп, «Алла қабыл етсін!» деп тілегін жеткізді.