Последнее обновление

(Время обновление 9 минут назад)
Айдана Меденова Кешью концертіндегі костюм кесірінен жарақат алды

Әнші Айдана Меденова Кешью тобының 20 жылдық мерейтойлық концертінде киген киімі кесірінен жарақат алғанын мәлімдеді. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желі парақшасында жазды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Концерт киімі жарақатқа себеп болды

Айдана Меденованың айтуынша, концертте киген костюмі оның қолын қатты жырып алған. «Концерт концертімен, бірақ қолымды қараңыздар. Үстімдегі концерт киімі қолымды жырып тастады. Қатты ашытқаны соншалық, сахнада әзер шыдадым. Әлі де ашып, ауыртып тұр. Нағыз адам өлтіретін костюмдер», - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін хиджабын шешкен Айдана Меденова сахнаға қайта оралған болатын.

Новости

Реклама