Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
«Әйелімде стресс»: Ақтаулық асабаның интим видеосының таралуына қатысты мәлімдемесі

Ел арасында "Хан" лақап атымен танымал ақтаулық асаба мен оның әйелі, желіде тарап кеткен интим видеоларына қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Олар бұл жағдайдың қалай болғанын және оның салдарынан қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тамаданың айтуынша, видео әйелі екеуінің жеке жатын бөлмелеріндегі жағдаятты бейнелеген. Ол видеоны жасырын файлда сақтауды жоспарлаған, алайда оның мобильді құрылғысынан белгісіз себептермен тарап кеткенін айтады. "Кешелі бері жұртты шулатып жатқан біздің видеомыз хайп үшін емес екенін айтқымыз келеді. Біз оны жасырын файлға сақтап қойған болатынбыз. Менің мобилографым сол жасырын файлды ашып, таратып жіберген сияқты. Біз оны анықтап жатырмыз", - деді ол.

Отбасылық стресс

Асаба видеоның таралуынан әйелінің қатты стресске ұшырағанын жеткізді. "Әйелімде де стресс. Кешелі бері көңіл күйіміз өте ауыр жағдайда", - деп ағынан ақтарылды тамада.

Ал оның әйелі болса, бұл жағдайдың күйеуінің рұқсатымен болғанын айтып, жұртшылықтан видеоны көрмеуге және таратуды тоқтатуға шақырды. "Күйеуімнің рұқсатымен болған нәрсе еді. Маған түрлі хаттар келіп, тіпті еркектер жазып... барынша көмектесіңіздерші. Тоқтатыңыздар! Қарамаңыздаршы ол видеоны. Өшіріп тастаңыздаршы!", - деп көз жасына ерік берді ол.

Новости

Реклама