Photo: Bulat843 🌙 (https://www.pexels.com/@bulat843-1243575272) / Pexels
- 03 мая 2026 04:31
- 12
Актер Әбілмансұр Серіков әке атануға дайындалуда: Жас жұбайлар құпиясын видеомен бөлісті
Жас жұбайлар Әбілмансұр Серіков пен Гүлия сүйінші жаңалығымен бөлісті. Олар көпшілікке жүктілікті жасырын ұстап, бірден ерекше форматтағы видеомен қуантты. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Танымал актер Әбілмансұр Серіков пен оның жары Гүлия жақындарын жинап, гендер-парти ұйымдастырды. Бұл шарада болашақ сәбидің жынысы белгілі болып, қуанышты сәт әлеуметтік желіде жарияланды. Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, жас отбасыға ақ тілектер жауды.
Желідегілер жас жұбайлардың қуанышына ортақтасып, оларға бақыт тілеп жатыр.