Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Әлем жабылса да, Қазақстан жабылмайды

Қазір әлемде геосаяси тұрақсыздық күшейіп, көптеген елдер ішкі нарығына ғана сүйенуге мәжбүр болып отыр. Сауда соғыстары, санкциялар, логистикалық тізбектердің үзілуі — бұл жағдайлар жаһандық экономикаға елеулі соққы беріп, бірқатар елдердің "жабық режимге" көшуіне алып келді. Алайда Қазақстан бұл бағытты емес, ашықтық пен серіктестікке негізделген прагматикалық саясатты таңдады. Бұл — уақыт талабына сай әрі дұрыс шешім.

Бұл жайында Қазпошта басшысы Әсел Жанасова да пікір білдіріп, еліміздің тұрақтылығы дәл осы ашық саясатқа сүйенетінін айтты. Оның айтуынша, Қазақстанның географиялық орналасуы — басты артықшылықтардың бірі. Еуразияның қақ ортасында орналасқан ел Қытай мен Еуропа арасындағы "алтын көпірге" айналуға қауқарлы. Бұл тек транзиттік әлеует емес, логистикалық хаб ретінде жаңа деңгейге көтерілу мүмкіндігі.

Көлік дәліздерін дамыту — жүк тасымалымен ғана шектелмейді. Бұл жаңа жұмыс орындары, инвестиция ағыны, аймақаралық және халықаралық байланыстардың нығаюы деген сөз. Бүгінде Транскаспий халықаралық көлік маршруты арқылы еліміз ірі жобаларды жүзеге асыруда. Бұл Қазақстанның стратегиялық болашағын айқындайтын маңызды бағыттардың бірі.

Әлем жабылып жатқанда, Қазақстан керісінше диалог пен әріптестікке жол ашып отыр. Бұл шетелдік инвесторларға: «Қазақстанға сенуге болады, мұнда тұрақтылық пен ашықтық бар» деген нақты белгі. Әсел Жанасованың ой-пікірі ел Президентінің бағытымен үндес: Қазақстан аймақтық байланыстарды дамытып, халықаралық бизнеске сенімді серіктес болуға ұмтылып келеді.

Басты міндет — осы бағыттан таймай, ашықтықты елдің басты артықшылығына айналдыру.

Айбар Олжаев

You Might Also Like

Новости

Реклама