Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Әлемдегі ең көне әуежайлар

Әлемдегі ең көне әуе тасымалдаушысы – голландиялық KLM. 1919 жылы 7 қазанда құрылған аталған компания, негізі қаланғаннан бері 100 жылдай уақыт өтсе де, әлі күнге дейін жұмысын жүргізуде. Ал әлемдегі әуежайлардың қайсысы ең көне болып саналады? The Teleqraph баспасы мұндай әуежайлардың 12-сін іріктеп көріпті, сол тізімді назарларыңызға ұсынамыз.

Әлемдегі ең ескі әуежай қай жерде орналасқан және бүгінде көне әуе тасымалдаушылардың қайсысы қызмет көрсетуін жалғастыруда?

АҚШ, Олбани халықаралық әуежайы

Құрылған жылы: 1928
Жолаушылар легі: 2,8 миллион адам (2016 жыл)

Бұл әуежайдың негізі 1909 жылы Нью-Йорк штатындағы Олбани қаласында қаланған. Онда Амелия Эрхарт және Чарльз Линдберг сынды авиация пионерлері жаттыққан. 1928 жылы бұл әуежайды жаңа орынға көшірмегенде, біздің бүгінгі тізіміміздің көшін бастап тұрар еді. Қазіргі таңда әуежай жұмысы жалғасып келеді. Оны American Airlines, United, Delta, JetBlue және Southwest сияқты тасымалдаушылар пайдалануда.

АҚШ, Миннеаполис/Сент-Пол халықаралық әуежайы

Құрылған жылы: 1920
Жолаушылар легі: 37,5 миллион (2016 жыл)

1938 жылы Миннеаполис әуежайына Говард Хьюз өзінің дүние жүзін ұшып өтуі кезіндегі рейсінде тоқтаған.

Бүгінде аталған әуежай 17 әуежелісіне қызмет көрсетуде және Delta Airlines олардың ішіндегі ең ірісі болып саналады. Бұл әуежайдың ең тығыз ішкі рейсі – Чикагоға дейін, ал ең үлкен халықаралық рейс – Амстердамға дейінгі рейс.

Аустралия, Кингсфорд Смит атындағы Сидней халықаралық әуежайы

Құрылған жылы: 1920

Жолаушылар легі: 41,9 миллион адам (2016 жыл)

Сидней әуежайы 1920 жылы құрылған. Ал ондағы тұрақты ұшулар 1924 жылы басталды. Содан бері ол қаладағы басты әуежай болып қалған, сонымен бірге 1920 жылы негізі қаланған Qantas әуекомпаниясының штабы болып саналады. Чарльз Кингсфорд Смит - 1935 жылы Мьянмада апатқа ұшыраған, алғашқы аустралиялық авиаторлардың бірі.

Суретте - «Мисс Аустралия» конкурсына қатысушылардың Маскот (Сиднейлік әуежай бұрын осылай аталған) әуежайына қонған сәті.

Франция, Париж-Ле-Бурже

Құрылған жылы: 1919
Жолаушылар легі: жоқ; әуежай аттас авиасалонның алаңы ретінде қолданылады.

1932 жылы Орли әуежайы ашылғанға дейін, Ле-Бурже Париждің жалғыз әуеторабы болды. 1940 жылдың маусымында Адольф Гитлер өзінің Парижге жасаған экскурсиясын дәл осы әуежайдан бастаған. Аталған әуежайдың халықаралық рейстері 1977 жылы тоқтатылса, 1980 жылы ішкі рейстері жабылды. Дегенмен, мұнда әрбір екі жыл сайын авияциялық және ғарыштық аппараттарға арналған аттас беделді көрме өтеді.

Нидерланды, Схипхол әуежайы

Құрылған жылы: 1916
Жолаушылар легі: 63,6 миллион адам (2016 жыл)

Көне әуежайлардың ішіндегі ең тығызы осы – 1916 жылы әскери база ретінде ашылған амстердамдық Стипхол әуежайы. Азаматтық ұшулар 1920 жылы басталды. Мұнда алты ұшу-қону жолағы (дәл мұндай тығыздықтағы лондондық Хитроу әуежайының жолағы - екеу ғана) бар. Стипхол өзінің осы көлеміне байланысты Нидерландыдағы ең ірі алмасу торабы және әлемдегі ең маңызды әуежайлардың бірі болды.

Италия, Рим-Чампино әуежайы

Құрылған жылы: 1916
Жолаушылар легі: 5,8 миллион адам (2015 жыл)

Рим-Чампино әуежайы 1916 жылы ашылған. 1960 жылы Леонардо да Винчи атындағы Рим-Фьюмичино халықаралық әуежайы пайда болғаннан кейін Чампино бірнеше онжылдықтар бойы тоқырауға ұшырады. Бірақ, кейінірек оған лоукостерлер назар аудара бастады. Бүгінде Чампино көбінде Ryanair компаниясына қызмет көрсетуде, сонымен бірге  Wizz Air-дің бірнеше рейсіне жұмыс жасауда.

Таиланд, Бангкок, Донмыанг әуежайы

Құрылған жылы: 1914
Жолаушылар легі: 35,2 миллион адам (2016 жыл)

Вьетнамдағы соғыс кезінде АҚШ әскерлері дәл осы әуежайды командалық штаб ретінде қолданған. Ал бүгінде ол Air Asia, тайлық Nok Air лоукостері және аустралиялық Scoot-қа қызмет көрсетуде. 2011 жылы су тасқынына байланысты бірнеше айға жабылған бұл әуежай қазіргі таңда жұмысын жалғастыруда.

Германия, Бремен халықаралық әуежайы

Құрылған жылы: 1913
Жолаушылар легі: 2,6 миллион адам (2016 жыл)

Бремен әуежайының алғашқы клиенттерінің бірі, жоғарыда аталған дүние жүзі бойынша ең көне әуе тасымалдаушы - голландиялық KLM болды. 1945 жылдан 1949 жылға дейін бұл әуежай америкалық база ретінде пайдаланылды. Бүгінде Бременге Ryanair ұшуда.

Румыния, Аурел Влайку атындағы Бухарест Бэняса халықаралық әуежайы

Құрылған жылы: 1912
Жолаушылар легі: 12 925 адам (2015 жыл)

TAROM әуе компаниясының коммунистік кезеңдегі штабы (суретте - Никита Хрущев пен Николае Чаушеску), Аурел Влайку әуежайы енді тек чартерлік рейстер мен жеке ұшақтар үшін пайдаланылады.

Ұлыбритания, Шорхэм әуежайы

Құрылған жылы: 1911
Жолаушылар легі: 452 адам (2014 жыл)

Сассекстегі Шорхэм – бұл Британиядағы үнемі жұмыс істейтін ең көне әуежай. Қазіргі таңда ол тек қана жеңіл ұшақтарға пайдаланылуда. Аталған әуежайдың бір бөлігі 1909 жылы әуе кемелерінің ұшып-қонуы үшін қолданылса, кейіннен оны ипподром ретінде пайдаланды, одан кейін – әскери аурухана болды. Мұнда тұрақты ұшулар тек 1930 жылдары ғана қайта жаңғыртылды.

Германия, Гамбург әуежайы

Құрылған жылы: 1911
Жолаушылар легі: 16,2 миллион адам (2016 жыл)

Гамбург әуежайының негізі 1911 жылы қаланды. Ол 1948 жылы Батыс Берлинді қоршау кезінде жүк тасымалдау пункті ретінде пайдаланылған. Суретте – 1960 жылғы Марлен Дитрихтың кездесуі.

Әлемдегі ең көне әуежай – ол ...

АҚШ, Мэриленд, Колледж-Парк әуежайы

Құрылған жылы: 1909
Жолаушылар легі: жоқ (тек коммерциялық емес азаматтық авиация үшін)

Бұл әуежай туралы тек нағыз авиация жанкүйерлері ғана естіген болар. Мұнда ағайынды Райттардың ең алғашқы ұшақтарының бірі - Type A биплан сыналды. 1909 жылдың қазан айында аталған ұшақ АҚШ әскері тарапынан сатып алынды.


You Might Also Like

Новости

Реклама