Photo: Studio Art Smile (https://www.pexels.com/@studio-art-smile-218587) / Pexels
- 21 февр. 2026 18:30
- 19
Әлемдік көшбасшылар Қасым-Жомарт Тоқаевты Рамазанмен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Рамазан айының басталуына байланысты шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құттықтау жеделхаттары жолданды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрдің орынбасары, Президент әкімшілігінің басшысы Мансур бен Заид Әл Нахаян, Марокко королі Мұхаммед VI, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Абдель Фаттах ас-Сиси, Кувейт әмірі Мишааль аль-Ахмад аль-Джабер ас-Сабах, Палестина Президенті Махмуд Аббас және басқа да көптеген басшылар құттықтады.
Қазақстан Президентіне құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр.
Еске сала кетейік, 2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін созылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осыған байланысты Қазақстан қалалары бойынша ораза кестесін жариялаған болатын.