depositphotos.com
- 06 мая 2026 17:01
- 33
Әлемдік мұнай бағасы күрт құлады: Себебі неде?
Әлемдік мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісім жасалуы ықтималдығы артқан соң күрт құлады. Brent маркалы мұнайдың баррелі 103 доллардан төмендеп кетті.
Лондон ICE биржасындағы сауда мәліметтеріне қарағанда, Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 6,75 пайызға арзандап, баррелі 102,45 долларға жетті.
WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері 7,44 пайызға төмендеп, баррелі 94,66 долларға дейін түсті.
Неге баға төмендеді?
Нарықтағы бұл құбылысқа АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесі себеп болды. Ол Иранмен жасалатын келісімдегі ілгерілеушілікке байланысты АҚШ-тың Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді сүйемелдеуді уақытша тоқтататынын хабарлады. Дегенмен, АҚШ Иран порттарының блокадасы сақталып қалатынын атап өтті.
Сарапшылар бұл қадамды жағдайдың ушығуын азайту белгісі ретінде бағалап отыр. Олардың пікірінше, бұл кемелердің қатынайын жандандырып, жеткізілімдерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Алайда, нарық әлі де тұрақсыз. Келісім жасалған күннің өзінде де сауда ағынының толық қалпына келуі уақыт алады.