Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Алматыда 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды

Алматыда ұзақ уақыттан бері алғаш рет 1-9 сыныптардың оқушылары үшін сабақтар тоқтатылады, деп қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы қаласының Білім басқармасының хабарлауынша, 26 қаңтар күні Алматы мектептерінде 1-9 сынып оқушылары арасында сабақтар тоқтатылады.

«2018 жылдың 26 қаңтарында ауа температурасының 25 градустан төмен болуы салдарынан Алматы қаласының мектептерінің 1-9 сыныптарында сабақтар тоқтатылады», делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін 25 қаңтар күні Алматының бірқатар мектептерінде бастауыш сыныптардың сабақтары тоқтатылған болатын. Олар: Алатау ауданы «Заря-Восток» ықшам ауданындағы №150 мектебі, Бостандық ауданы Нұрлытау ықшам ауданындағы №190-шы және «Қазақфильм» ықшам ауданындағы №88, №70 мектептері. Сонымен қатар, Білім басқармасының шешімімен Наурызбай ауданы Қарағайлы ықшам ауданындағы №192 мектеп пен Медеу ауданы Алатау ауылындағы №7 мектепте бастауыш сыныптары мектепке бармады.

Ләззәт Жылқыбаеваның айтуынша, бұл мектептер Алматының тауға жақын ықшам аудандарында орналасқан. Кеше Алматы қаласы бойынша ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сандуғаш Баймухамбетова -25 градус аязға екпінді жел қосылғанда Алматы мектептеріндегі бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылатынын ескерткен болатын.


You Might Also Like

Новости

Реклама