Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Алматы облысындағы Үшқоңыр тауында шыққан өрт толықтай сөндірілді

Алматы облысындағы Үшқоңыр тауында шыққан өрт толықтай сөндірілді

Кеше Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылдық округінің Үшқоңыр тауында өрт шыққан, деп хабарлайды Infohub.kz.
Таулы жотаның шамамен 10 гектар аумағында құрғақ шөп пен бұталар жанған. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Өртті сөндіру жұмыстарына 10 техника тартылып, арнайы штаб құрылды. Сонымен қатар Ұзынағаштағы әскери бөлімнің 30 сарбазы, ТЖД мен азаматтық қорғау бөлімінің 20 қызметкері және жергілікті атқарушы органдардың 25 өкілі жұмылдырылды. Атқарылған шаралардың нәтижесінде сағат 16:31-де өрт ошағы оқшауланып, ал 19:35-те толықтай сөндірілді», - делінген мәліметте.

You Might Also Like

Новости

Реклама