Последнее обновление

(Время обновление 5 месяцев назад)
Алматы қаласының әкімі Досаев енді екі апта сайын Президентке есеп береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары барысында қала әкімі Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Басым бағыттар:

  • Қаланы жарықтандыруды жақсарту
  • Пәтерлерге суды уақтылы әрі толық беру
  • Көшелер мен аулаларды абаттандыру

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлағандай, Тоқаев "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын тұрақты өткізу, жасыл желекті көбейту, көлік қозғалысын реттеу, сондай-ақ халықты мазалайтын өзекті мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті.

Президент тапсырмасының ерекшелігі – Ерболат Досаев енді атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар жөнінде әр екі апта сайын Тоқаевқа есеп беріп отыруы тиіс.

You Might Also Like

Новости

Реклама