Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Алматыда 25 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Алматыда 25 жастағы Ерзат Егізбай есімді азамат жұмыс істеп жүрген жерінен беймәлім себептермен жоғалып кетті. Полиция мен еріктілер ұйымдары оны іздеуге кірісті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жігіттің жоғалуы

19 мамыр күні сағат 14:30 шамасында Ерзат Шалқарұлы Егізбай Райымбек даңғылындағы (147Б үй маңы) құрылыс алаңынан шығып кетіп, осы уақытқа дейін хабарсыз кеткен. Оның ұялы телефоны соңғы рет Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында (Ыстық құмдақтар, «Көкжай» СК) белсенді болған.

Жақындарының айтуынша

Жоғалған азаматтың ағасының айтуынша, Ерзат бұрын-соңды ескертусіз үйінен кетіп көрмеген. Ол ешқандай медициналық есепте тұрмайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және бес уақыт намазын қаза қылмайды.

Ерзат Егізбайдың сипаттамасы

Іздестіру жұмыстары

Қазіргі уақытта криминалдық полиция деректерді тексеріп, Ерзаттың Қазақстан шекарасын кесіп өтпегенін, ешбір мемлекеттік мекемеге бармағанын анықтады. Алматы қаласы полиция департаментінің барлық қызметкері іздеуге жұмылдырылды. Сондай-ақ, «Қоғам» және «Лидер KZ» еріктілер ұйымдарының мүшелері аумақты тексеріп, хабарландыруларды таратуда.

Ерзат Егізбай туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, полицияға 102 нөмірі арқылы немесе жоғалған азаматтың ағасы Азаматқа +7 777 021 66 60 нөміріне хабарласуға болады.

Новости

Реклама