Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы тұншықтырғаны үшін 4 жылға сотталды

Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы тұншықтырғаны үшін 4 жылға сотталды,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.

Алматыда жекеменшік балабақша қызметкері кішкентай балаға күш қолданғаны үшін сот үкімімен төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқиға алты ай бұрын болған. 20 жастағы тәрбиеші баланы ұрып, аузын жауып, тұншықтырған. Бала босап шығуға талпынғанда, ол аяғынан ұстап жібермеген. Жағдай кезінде бөлмеде өзге қызметкерлер де болғанымен, ешқайсысы араша түспеген.

Сот отырысында айыпталушы баланың әкесінен кешірім сұрап, көзіне жас алған. Дегенмен сот оны кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, оған 10 жылға дейін балалармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

You Might Also Like

Новости

Реклама