Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Алматыда базарларды жаңғырту барысы талқыланды

2 мамырда ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматыға жұмыс сапарымен келіп, базарларды жаңғырту мәселелері бойынша бизнес өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында жаңғырту кезіндегі кедергілер мен оларды шешу жолдары талқыланып, министр Алматының ішкі саудадағы жетекші рөлін ерекше атап өтті. Биылғы қаңтар-наурыз айларында қалада ішкі сауда айналымы 5,1 трлн теңгеге жетіп, бұл республикалық көлемнің 36,2 пайызын құрады.

Министрдің айтуынша, Алматыда 59 базар бар, олардың 70%-ы жаңғыртылған. Өткен жылы алты базарға модернизация жасалса, биыл жыл соңына дейін тағы 10 базар жаңғыртылмақ. Алайда, алтауы бойынша кестеден кешігу қаупі бар. Бұған жер пайдалану шектеулері, техникалық шарттар, әкімшілік кедергілер және қаржыландыру тапшылығы себеп.

Арман Шаққалиев жауапты органдар мен кәсіпкерлер арасындағы үйлестіруді күшейтіп, жобаларға жүйелі мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, барлық базарлар техникалық, өртке қарсы және санитарлық талаптарға сай болуы тиіс екенін еске салды.

Министр "Digital Bazar" жобасына да тоқталып өтті. 2024 жылдың қарашасынан бастап іске қосылған бұл пилоттық жобаға Алматы қаласы мен облысынан 7 базар тартылып, 4 276 клиент тіркелген. Электрондық сауда, цифрлық төлем жүйелері және қаржылық технологиялар сауданы ашық әрі ыңғайлы етуді көздейді.

«2026 жылдан бастап жаңғыртудан өтпеген базарлар жұмысын жалғастыра алмайды. Қауіпсіздік, ашықтық және ыңғайлылық – жаңа сауда стандартына айналуы тиіс», – деді министр.

You Might Also Like

Новости

Реклама