
- 03 мая 2025 00:10
- 69
Шиеліде әйелін швабрамен ұрған ер адам жауапкершіліктен құтылды
Шиеліде әйелін швабрамен ұрған ер адам жауапкершіліктен құтылды.Себебі
жәбірленуші кешірім беріп, күйеуінің жазаланбауын сұрады.
Қызылорда облысы, Шиелі ауылында ерекше іс сотта қаралды. Ер адам түскі ас дайындамағаны үшін жұбайын ағаш швабрамен ұрып-соққан. Оқиға 2024 жылдың ақпан айында орын алған. Жұмыстан аш келген күйеу азамат әйелінің үй шаруасына салғырт қарағанына ашуланып, күш қолданған.
Сот барысында жәбірленуші кешірім беріп, күйеуінің жазаға тартылмауын өтінді. Осыған байланысты ер адам жауапкершіліктен босатылды.