Photo: Mike Bird (https://www.pexels.com/@mikebirdy) / Pexels
- 21 мар. 2026 14:00
- 568
Алматыда жол апатынан үш адам қаза тапты
Алматыда Аль-Фараби даңғылында жол апатынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Оқиға 21 наурызға қараған түні болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, Zeekr автокөлігінің жүргізушісі Аль-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Мендіқұлов көшесімен қиылыста қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан шығыс бағытында келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Zeekr көлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.