
- 01 авг. 2025 17:14
- 41
Алматыда қыз итпен автобусқа мінуге рұқсат бермеген жүргізушіні сотқа бермек
Алматыда қыз итпен автобусқа мінуге рұқсат бермеген жүргізушіні сотқа бермек
Алматыда қыз бен автобус жүргізушісі арасында иті үшін туындаған дау ушығып, мәселе полиция мен сотқа дейін жетті. Қыз үй жануарымен қоғамдық көлікке мінбек болған, алайда барлық заң талаптарына сай болса да, жүргізуші олардың автобусқа кіруіне рұқсат етпеген.
Қыздың айтуынша, иттің тұмылдырығы бар, қарғыбаумен байланған, әрі ұсақ тұқымды жануар болған. Бұл жағдай қоғамдық көлікте жануар тасымалдауға рұқсат ететін ережелерге толық сай. Бірақ жүргізуші оған қарамастан, автобусқа кіргізуден бас тартқан. Қыз полиция шақырған.
Оқиға орнына келген полицейлер де жүргізушіге итпен автобусқа кіруге заң бойынша тыйым жоқ екенін түсіндірді. Соған қарамастан, жүргізуші қосымша талап қойып, енді иттің арнайы тасымалдауышта болуы керек екенін алға тартқан.
Тараптар ортақ шешімге келе алмады. Енді қыз жүргізушіні заңсыз әрекет үшін сотқа беретінін мәлімдеді.
Мұндай оқиғалар үй жануарын асырайтын азаматтар мен қоғамдық көлік операторлары арасында түсініспеушіліктердің әлі де бар екенін көрсетіп отыр. Сарапшылар бұл жағдай қоғамдық көлікте үй жануарларын тасымалдау тәртібін нақтылап, ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді қажет ететінін айтады.