tengrinews.kz
- 20 мар. 2026 19:00
- 29
Алматыда заңсыз салынған кафе террасасы бұзыла бастады
Алматыда Розыбакиев көшесіндегі кафеге тиесілі заңсыз салынған жазғы терраса бұзыла бастады. Бұл туралы қаланың қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоспардан тыс тексеру барысында мамандар нысанның тиісті рұқсат құжаттарынсыз, тұрғын емес үйге қасбетінен қосымша құрылыстар салынғанын анықтаған. Сондай-ақ, нысандар пайдалануға беру актісінсіз қолданылғаны белгілі болды.
Құрылыс бұзылуда
Тексеру актісін алғаннан кейін нысан иесі бұзушылықтарды өз еркімен жоюға кірісіп, құрылысты бұзу жұмыстарын бастаған. Қазіргі уақытта қосымша құрылыстардың бірі толықтай алынып тасталды, екіншісін бұзу жұмыстары жалғасуда.