Алтын күз ертеңгілік
Тақырыбы: Ормандағы Алтын күз ертеңгілік
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері және т. б.
Тәрбиеші:
Қуандырып біздерді
Мереке келді күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін ел енді.
Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Ормандағы Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.. «Нұрсая»ортаңғы тобының бүлдіршіндерімізді қарсы алайық! (әуенмен қолдарында жапырақтары бал балалар залға кіреді)
Тәрбиеші: Жапырақтар сап - сары
Қонып жатыр жерге кеп
Қызықтап бау - бақшаны
Шаттанады бал - бөбек.
Ендеше балаларымыздың тақпақтарын тыңдап көрелік:
Аяна: Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып теріп болған соң
Той жасайды халқымыз.
Аян: Алтын сары қызыл көк
Алуан – алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Кәусар: Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет, тамаша
Қандай әсем күз
Жалғас: Наступила Осень
Пожелтел наш сад
Листья на березе
Золетем горят
Нұрислам: Ливес оф еллоу
Энд ливес оф ред
Саммэс ове,
Э боут май хед.
Айдана: Дарит осень чудеса
Да еще какие
Разнаряжены леса
В шапки золотые
- Ия балалар дұрыс айтасыңдар табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары Алтын күзіміз тағы келді. Олай болса балалардың орындауындағы «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Алтын күз»
Келді міне қоңыр күздің самалы,
Бұлттар төніп, күн суытты шамалы.
Келді міне Алтын күз
Келді міне жарқын күз
Байлығы мен мерекелі, берекелі 2рет
2. Алтын күзім берекелі болады
Қамба біткен ақ бидайға толады.
Келді міне Алтын күз
Келді міне жарқын күз
Байлығы мен мерекелі, берекелі 2рет
Әннен кейін орманнан бір дыбыс естіледі.
Тәрбиеші:- Балалар бір дыбысты естідіңдер ме? Бұл орманда өмір сүретін Орманшы ата. Ол орманды қарауылдап қорғап жүреді. Біз қазір атадан тығылып қалайық.
Балалар қоладырыңдағы жапырақтарымен жасырынып отырады. Қолында сапырғышы бар Орманшы ата келеді. ол жердегі жапырақтарды сыпырып жүреді.
Орманшы ата:- Ох, менің жұмысым көп, талдардан көп жапырақтар түсіпті. Орманның ішін тазалап сыпырып қояйын.
Сыпырғышымен балаларды жапырақ екен деп сыпырады. Балалар әр жерде үйінді болып отырады. Орманшы ата сыпырып болғаннан кейін демалып отырады.
Орманшы ата:- Міне барлық жерді сыпырып тазаладым, енді кішкене демалып ұйықтап алайын
Орманшы ата ұйықтап қалады, осы кезде желдің дыбысы естіледі, балалар қайтадан жарты шеңберге тұрып жапырақтарына жасырынып қалады. Орманшы ата оянады.
Орманшы ата:- Ой, ой, ой жапырақтар қайтадан шашылып қалыпты ғой. Тағыда сыпырып тастайын.
Сыпырғышымен сыпырады. Балалар әр жерге үйінді болып отырады. Орманшы ата сыпырып болғаннан кейін тағыда демалып отырады. Орманшы ата ұйықтап қалады, осы кезде желдің дыбысы естіледі, Балалар қайтадан жарты шеңберге тұрып жапырақтарына жасырынып қалады. Орманшы ата оянады.
Орманшы ата:- Бұл не деген сұмдық, тағыда жапырақтар шашылып қалған ба? А, бұлар жапырақтар емес, жапырақтардың астында жасырынып отырған балалар екен ғой.(Балалар тұрады) Ох сендер ме? Не істеп жүрсіңдер менің орманымда.
Тәрбиеші:- Сәлеметсіз бе, Орманшы ата! Ренжімеңіз бізге. Біз орманға күзгі орманды тамашалауға келдік.
Орманшы ата:- А, солай ма, ендеше сендер менімен көңіл көтеріп ойын ойнағыларың келе ме?
Тәрбиеші:- Әрине Орманшы ата, біздің балалар ойынды өте жақсы көреді.
Ойын «Жапырақтар жинау»
Балалар ойынан кейін отырады.
Тәрбиеші:- Көрдіңіз бе Орманшы ата? Біздің балалар өте көңілді әрі епті, жылдам және менің балаларым сізге «Жапырақтар» биін билеп береді.
Би «Жапырақтар»
Орманшы ата:- Өте жақсы өнерлі балалар екен, көрініп тұр бәріде ақылды сияқты.
Ал, мен әрі қарай ормандығы жұмысымды атқарайын. Сау болыңдар балалар!
Рахмет сізге.
Орманшы ата шығып кетеді.
Тәрбиеші:- Олай болса балалар күз туралы тақпақтарымызды айтайық.
Ақтілек: Сап - сарығып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады.
Қоштасқандай бізбенен.
Асылай: Мерейлі күз, Мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
Жангелді: Өлкемізге өйткені
Жомарт күздің келгені
Бар аймақты жапырақты
Алтынға бояп бергені
Ахмад: Ин зэ азэ гандс
Энд ол ап ин зэ вэл
Көркем: Фром зэ аутом бонфайс
Си зэ смөк трайл
С. Әмина: Жапырақ ұшты
Суықта түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде.
Тәрбиеші:- Олай болса сонау алыстан Күз ханшайымы келіпті.
(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар
Балалар: Салеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа халайық, дархан далам армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге сонау алыстан «Нұрсая» тобына арнайы келдім. Маған өнерлеріңді көрсетесіңдер ма?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Хош келдің Күз ханшайымы! Төрлет. Біздің балалар әнде, тақпақта, биде билей алады. Біздің балалардың барлығы ақылды.
Күз ханшайымы: Ондай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би - билейік ойнайық.
Би: «Күзгі вальс»
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Мен жалғыз келмедім өзіммен бірге досым қоянды ерте келдім.(Қоян кіріп келеді)
Қоян: Балалар күз ханшайымы менен бұрын кетіп қалыпты мен артынан жүгіріп-жүгіріп, секіріп -секіріп әрең жеттім. Менің ойнағым келіп тұр. Балалар менімен ойнайсыңдар ма?
Балалар Ия
Қоян: Ендеше ойынымызды бастайық.
Ойынның аты«Кім жылдам».
Қоян: Балалар ойын ұнады ма?
Балалар: Ия
Қоян: Ал ендеше балалар мені қасқыр қуып жетіп алмай тұрғанда мен орманға кетейін. Сау болыңдар балалар.
Балалар: Сау бол қоян
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар екен.
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ - дәулет
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар, балалар
Келгенше жыл айланып.
Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.
Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!
Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс - жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт - береке тілеймін!