- 05 мар. 2024 04:42
- 330
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Сабақтың тақырыбы:«Ана тілім ажарым – асыл мұрам»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, үн таспа, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі.
Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен студенттер. 22 қыркүйекте өткен тіл мерекесімен құттықтай отырып, сол мерекеге байланысты өзіміздің үлесімізді қосу үшін және де студенттердің тілге деген құрметін арттыру үшін «Ана тілім ажарым – асыл мұрам!» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген
Тіл туралы Заңның 4 - бабында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды.
Жүргізуші сөзі:
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.
"Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық.
Өлең шумақтары оқылады:
1. Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл
Ана тілді құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!
2. Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өшемін
Өшсе тілі мен де бірге өшемін.
3. Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ойын «Ұйқасын тап» (Мақал - мәтелдер)
1. Бас кеспек болса да,..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6. Тіл – адам ойының... (айнасы)
7. Тіл қылыштан да... (өткір)
8. Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз,... оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден... тамар (у)
13. Көп сөз -... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз -... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16. Таза сөйлеу – биік... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
18. Көре - көре көсем боларсың...(сөйлей - сөйлей шешен боларсың)
Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық
колледжінің оқытушысы
Матжанова Айзада Бауыржанқызы