- 29 июл. 2024 16:23
- 582
Алтын Орда дәуірінде жерленген хандардың зираты табылды
Алтын Орда дәуірінде жерленген хандардың зираты табылды, - деп хабарлайды infohub.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Татарстанда археологтар Алтын Орда дәуірінде жерленген хандардың зиратын тапты.
Астрахан облысындағы төрт ірі кесенеде Берке, Өзбек, Жәнібек және Бердібек хандар жерленген. Археологтардың айтуына қарағанда тарихи құндылығы бойынша бұл нысанды Луксордағы патшалар қорымымен, Қытайдағы Цинь Шихуанди қабірімен салыстыруға болады.
Кешен Ақ Сарай қалашығы деп аталатын ортағасырлық қонысы бар қираған ғимараттардың қалдықтарынан тұрады. Ғалымдар бұл қорымға мұражай мәртебесін беруді ұсынды.
Айта кетейік, Хазар қағанаты дәуірінен бастап Алтын Ордаға дейінгі елді мекендерді зерттеу бойынша Татарстан археологтары 20 жылға жуық уақыт бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.