Последнее обновление

(Время обновление 3 минуты назад)
Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне кім кінәлі? Депутат ел білмеген деректерді жариялады

Мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне кім тапсырыс бергені туралы мәселе әлі күнге дейін қоғамда қызу талқыланып келеді. Дегенмен, бұл қылмысқа бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысы бар деген болжамдарға нақты дәлел жоқ екені айтылуда.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Саясаттанушы, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым "Sadaq media" арнасына берген сұхбатында Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімін бұрынғы президентке тікелей байланыстырудың негізсіз екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай айыптауларға ешқандай нақты дәлел келтірілмеген.

Назарбаевқа қатысты айыптаулар негізсіз

«Кезінде Рысбек Сәрсенбаев ағамыз эмоциямен біраз дүниені айтып жіберді. Әлі де айтып жүр. Бірақ оған дәлел жоқ қой. Ол жерде Назарбаевтың құлағы көрінуі мүмкін. Бірақ әділет деген болуы тиіс қой, жобалап, ымдап болса да дәлелдей алған адам жоқ. Мен өз басым Алтынбектің өлімін Рахат Әлиевке жақындатам. Алтынбекпен жылдап араласқан, әлі күнге дейін сол ортада жүрген біраз азаматпен араласам. Бірақ олардың ешқайсысы да тікелей Назарбаевтан көріп жатқан жоқ. Бұл Рысбектің өзінің ұстанымы, өзінің жеке пікірі. Кезінде Алтынбектің жанында жүрген, қағазын жазып беріп жүрген Рысбек емес, мен болатынмын. Мен оны жақсы білемін», – дейді Айдос Сарым.

Кекшілдіктен арылған тұлға

Депутат сонымен қатар, Алтынбек Сәрсенбайұлының мінезі туралы да айтып өтті. Оның айтуынша, саясаткер алғашқыда өте кекшіл болғанымен, уақыт өте келе бұл қасиетінен арылған.

«Алтынбек өте кекшіл адам болды. Көп адамды жек көрді. Солардың бірі – Серік Әбдрахманов еді. Екінші бір адам болды. Ол – Балташ Тұрсынбаев болатын. Бірақ уақыт өте келе өзгерді, саналы ғұмырында өзінің жек көретін адамдармен татуласып, солардың деңгейіне түсіп, сөйлескенін көрдім», – дейді депутат.

Новости

Реклама