Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Ана – мейірімнің мәңгі шуағы

11 мамыр – Аналар күні. Бұл күн – жүрегіміздің төрінен орын алған асыл жанды ардақтап, бар мейірім мен алғысты арнайтын ерекше мереке. Ана – өмірдің бастауы, отбасының тірегі, ізгіліктің символы.

Қай дәуірде болмасын, анаға деген құрмет ешқашан төмендеген емес. Балаға түн ұйқысын төрт бөліп, аялы алақанымен мәпелеген, әрбір жетістігіне шын қуана білген жан – анадан артық кім бар?! Оның жүрегіндегі шексіз махаббат пен төзімділік – адамзат үшін ең ұлы құндылық.

Аналар күні – тек гүл мен сыйлық ұсынатын сәт қана емес, ананың алдында бас иіп, оның өмірдегі ең биік тұлға екенін мойындайтын күн. Бұл – анаға алғыс айтудың, жүректен шыққан жылы сөз арнаудың, оның қадірін түсінудің күні.

Мейірім мен махаббаттың діңгегі болған барша аналарды осы бір айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпағыңыздың қызығына тойып, денсаулығыңыз мықты, көңіліңіз шат, өміріңіз шуақты болсын!

You Might Also Like

Новости

Реклама