Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Алматыда аулада көлік 7 жасар баланы қағып кетті

Aлматының Шұғыла ықшамауданындағы Alem City 3 тұрғын үй кешенінің ауласында 7 жасар баланы көлік қағып кетті. Оқиға бүгін күндіз болған.

Changan маркалы көлік жүргізушісі аула жолымен келе жатқан кезде, жолды кесіп өтпек болған баланы байқамай қағып кеткен. Оқыс жағдай басқа балалардың көз алдында орын алған.

Зардап шеккен бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу амалдарын Наурызбай аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

You Might Also Like

Новости

Реклама