Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Әнші Мұрат Қожаның сырт келбеті жұртшылықты алаңдатты

Әнші Мұрат Қожаның караокеде ән айтқан видеосы желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды. Алайда, әншінің өнерінен гөрі, оның сырт келбеті қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары Мұрат Қожаның әдеттегіден тыс салмақ қосып, тым қатты толып кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желідегі пікірлер

Көпшілік әншінің денсаулығына байланысты мұндай өзгерістерге ұшырағанын болжап, оның ауырғандығын айтты. Оқырмандар әншінің тезірек сауығып, бұрынғы қалпына келуін тіледі. Пікірлердің кейбірінде «Қарны сыймай барады», «Қатты толып кетіпті», «Арықтаса дұрыс болар еді», «Неге сонша семіріп кеткен?» деген сияқты сөздер айтылған.

Амандығына шүкіршілік етушілер де бар

Дегенмен, әншінің амандығына шүкіршілік етіп, оның дауысын жоғары бағалағандар да табылды. Олар әншінің денсаулығының жақсы болуын тілеп, оның өнеріне деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Кейбір пікірлерде «Легенда ғой мойындау керек», «Дауысы керемет», «Қайта аман жүргенін айт. Аман болсын» деп жазылған.

Новости

Реклама