
- 12 мар. 2025 09:14
- 38
Антикор азаматтар үшін WhatsApp чат-ботын іске қосты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамның жемқорлыққа қарсы белсенділігін арттыру мақсатында WhatsApp чат-ботын іске қосты. Енді кез келген азамат 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу арқылы жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады немесе құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.
Чат-бот арқылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған.
Шынайы ақпарат берген азаматтар 15,7 миллион теңгеге дейінгі сыйақы алу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, агенттік өтініштердің құпия сақталатынына кепілдік береді. Барлық хабарламалар қаралып, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.
Алайда, жалған ақпарат бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.
Жемқорлықсыз қоғам құру – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілеріне куә болсаңыз, 1424 нөміріне немесе @antikorkz_bot Telegram-ботына хабарлаңыз.