Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Ақбөкен еті қауіпсіз бе? Министрлік түсіндірді

Соңғы уақытта ақбөкен етін тұтынуға байланысты қоғамда түрлі сауалдар туындап жатыр. Халық арасында бұл жануарлардың етінен жұғатын қауіпті аурулар болуы мүмкін деген күмән бар. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

Ведомствоның хабарлауынша, оба, сібір жарасы, бруцеллёз, аусыл, пастереллёз сияқты жұқпалы дерттердің алдын алу үшін ақбөкендер тұрақты түрде тексеріледі. Бұл жұмыстармен Ұлттық ветеринария қызметі айналысады.

Қазіргі таңда Қазақстанның алты облысында 24 арнайы сою пункті жұмыс істеп тұр. Министрлік олар толықтай ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай екенін атап өтті. Ақбөкеннің еті арнайы тоңазытқыш көліктермен тасымалданып, әр партиясы міндетті түрде ветеринарлық бақылаудан өтеді.

Сараптамадан өткен ет қана саудаға жіберіледі. Сол себепті министрлік тұрғындарға ақбөкен етін сатып аларда ветеринарлық анықтамасы бар жерлерге ғана жүгінуге кеңес беріп отыр.

You Might Also Like

Новости

Реклама