Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
"Бізге бұл әкім керек емес" Ақалтындағы әкім сайлауы дауға айналды

Түркістан облысына қарасты Ақалтын ауылында әкім сайлауы әділетсіз өтті деп санайтын тұрғындар наразылық танытуда. Ауыл тұрғындарының айтуынша, өздері қолдап отырған үміткер сайлауға небәрі екі күн қалғанда түсініксіз себеппен кандидаттар қатарынан шығарылып тасталған. Халық мұны жергілікті биліктің ықпалымен жасалған қысым деп қабылдаған.

— Біз әділ сайлау өткіземіз дейді, бірақ шын мәнінде бәрі алдын ала шешіліп қойған. Біз қолдаған азаматты сайлауға қатыстырмай, бұрынғы әкімді тағы әкеле салды, — дейді ауыл ақсақалдарының бірі.

Сөз болып отырған әкім — Сержан Бисенов. Ол осы ауылды бұрын да басқарған, бірақ тұрғындар оның жұмысына көңілдері толмайтынын ашық айтты. Айтуларынша, Бисеновтің әкімдігі кезінде уәде етілген жобалардың басым бөлігі орындалмаған, ауыл инфрақұрылымы сол қалпы елеусіз қалған.

— Бұл жолы өз таңдауымызды жасауға кедергі келтірілді. Бізге сырттан тағайындалған емес, халықпен бірге жұмыс істейтін басшы керек, — дейді наразы жұрт.

Тұрғындар тиісті мемлекеттік органдардан бұл жағдайға нақты құқықтық баға беруді сұрайды. Олар сайлау процесінің заңдылығына қатысты тексеру жүргізіліп, әділет орнауын қалайды.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама