Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
Ақмола облысында бөгет бұзылып, трассаның бір бөлігі су астында қалды

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында Шоптықұл бөгеті бұзылып, салдарынан Астана-Қорғалжын тас жолының бір бөлігі су астында қалды. Бұл туралы жергілікті әкімдік хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға кеше, 5 сәуірде сағат 19:00 шамасында аудан орталығы Сабынды ауылынан солтүстікке қарай екі шақырымдай жерде орналасқан Шоптықұл бөгетінде болды. Әкімдіктің мәліметінше, бөгеттің бұзылуынан Сабынды ауылына су басу қаупі жоқ және жағдай бақылауда.

Жөндеу жұмыстары басталды

Бөгеттің бұзылуынан тасқын су Астана-Қорғалжын тас жолының бір учаскесін шайып кеткен. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде видео жариялады.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар бөлімі мен ауыл тұрғындары бөгетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға 30-дан астам адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылған.

Бұған дейін де осындай жағдай болған

Айта кетейік, биыл ақпан айында Шымкентте Бадам өзеніндегі бетон бөгеттің 40 метрі бұзылған еді. Жағалауды бекіту жұмыстары аяқталғаннан кейін бірнеше ай өткен соң орын алған бұл жағдайға өзеннен заңсыз тас өндіру себеп болған.

Новости

Реклама