Последнее обновление

(Время обновление 7 минут назад)
Ақнәр ісінің жаңа беті: Тергеу қайтадан Ішкі істер министрлігіне берілді

Қазақстанды дүрліктірген Ақнәрдің өліміне қатысты іс бойынша маңызды өзгеріс болды. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қарауында болған қылмыстық іс енді Ішкі істер министрлігіне қайтарылды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Істің қайта қаралу себебі

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов журналистердің сұрағына жауап беріп, істің неге ұзаққа созылғанын түсіндірді. Оның айтуынша, іс алғашқыда Ішкі істер органдарының құзыретінде болмаған. Тергеу материалдары Бас прокуратураның шешімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілген.

«Бұл шешімді біз қабылдаған жоқпыз. Ол – Бас прокуратураның шешімі. Қазір қылмыстық іс қайтадан біздің қарауымызға өтті. Іс бойынша жаңа тергеу тобы құрылып, тергеу жұмыстары қайта басталды. Сонымен қатар жәбірленуші тараптың барлық уәжі толық тыңдалады», – деді Санжар Әділов.

Іс қозғалғанына бір жарым жылдан асты

Ақнәрдің өліміне қатысты қылмыстық іс шамамен бір жарым жылдан бері тергеліп келеді. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, әділ тергеу жүргізу талап етілген болатын.

Новости

Реклама