tengrinews.kz
- 07 мая 2026 06:00
- 19
АҚШ Иран танкеріне Оман шығанағында соққы жасады
АҚШ әскерилері Оман шығанағында Иран туымен жүзіп бара жатқан танкерге шабуыл жасады. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді.
CENTCOM-ның Х әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламасына сәйкес, «Hasna» танкері халықаралық суларды кесіп өтіп, Иран портына бағыт алған кезде бақылауға алынған. АҚШ күштері кемеге бұғаттауды бұзғаны туралы ескерту жасаған.
«Hasna» кемесінің экипажы бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, талаптарды орындамаған соң, америкалық күштер USS Abraham Lincoln (CVN 72) кемесінен ұшырылған F/A-18 Super Hornet ұшағынан 20 миллиметрлік зеңбіректен бірнеше рет оқ атып, танкердің рулін істен шығарды. Нәтижесінде, «Hasna» Иранға қарай бағытын жалғастыра алмады», - делінген хабарламада.
Қолбасшылықтың мәліметінше, Иран порттарына кіруге немесе шығуға тырысатын кемелерге қатысты АҚШ-тың бұғаттауы күшінде қалады. АҚШ 13 сәуірде Ормуз бұғазын бұғаттауды бастаған болатын. Вашингтонның айтуынша, Иранмен байланысы жоқ кемелер Тегеранға ақы төлемесе, бұғаз арқылы еркін өте алады.