
- 21 июн. 2025 09:54
- 19
Ақсудағы қайғылы оқиға: қатты желден құлаған ағаш бұтағы такси жолаушысын мерт қылды
Павлодар облысы, Ақсу қаласында қатты желдің салдарынан жантүршігерлік жағдай тіркелді. Жол бойында келе жатқан таксидің үстіне ағаштың ауыр бұтағы құлап, салдарынан көлік ішіндегі жолаушы — 1968 жылы туған әйел — оқиға орнында көз жұмды.
Куәгерлер түсірген видеодан көліктің алдыңғы әйнегін тесіп өткен бұтақтың жолаушының кеудесіне қадалғаны көрінеді. Қатты соққыдан кейін жедел жәрдем келгенше әйел жан тәсілім еткен.
📹 Такси жүргізушісі ауыр жағдайдан соң есеңгіреп, жылап, көмек сұрағаны да видеоға түсіп қалған. Жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері мен полиция дереу оқиға орнына келіп, тиісті шаралар қабылдады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, ағаш құлауына байланысты жауапты қызметтерге тексеру жүргізілуде. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жеткені хабарланды.
-
2024 жылғы 4 маусымда Германияда бұрынғы қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаева қастандықпен өлтірілді. Қайғылы оқиға Германияның Бенсхайм қаласы маңында орын алған. 40 жастағы Айгүлдің мәйіті зорлық-...