
- 21 июн. 2025 09:52
- 21
Азық-түлік бағасы шарықтап барады: халықтың қалтасына салмақ түсті
Қазақстанда азық-түлік бағасы күн өткен сайын қымбаттап, қарапайым халықтың тұрмысын ауырлатып барады. Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметіне сүйенсек, бір адам үш айда орта есеппен 158 648 теңгені тек азық-түлікке жұмсайды.
Бұл соманың құрылымы мынадай:
🔹 Ет өнімдеріне – 48 000 теңге
🔹 Нан және жармаға – 22 000 теңге
🔹 Сүт өнімдеріне – 15 522 теңге
Ал күнделікті ас үйден табылатын қарапайым көкөністердің де бағасы аспандап тұр:
Картоптың бір келісі – 396-460 теңге
Сәбіз – 449-499 теңге
Сауда комитетінің айтуынша, мұндай қымбатшылық маусымаралық кезеңмен байланысты. Алайда тұтынушылар бұл жағдай жыл сайын қайталанатынын айтып, жүйелі шешім қажет екенін көтеріп отыр.
Азық-түлік бағасының күрт өсуі еліміздегі инфляцияны күшейтіп, әлеуметтік әлсіз топтардың жағдайын қиындатып жатыр. Сарапшылар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті өнім өндірушілерге қолдау көрсетуді, импортқа тәуелділікті азайтуды ұсынады.