depositphotos.com
- 25 мар. 2026 12:30
- 23
Ақтауда бойжеткен бесінші қабаттан секіріп кетті: ауыр жарақат алды
Ақтау қаласында бес қабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен бойжеткен ауыр жарақат алды. Бұл қайғылы оқиға 22-шағын аудандағы №6 тұрғын үйде күндіз болған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиғаның мән-жайы
Куәгерлердің айтуынша, жас қыз құлаған кезде алдымен екінші қабаттағы терезе үстіндегі темір қалқанға соғылып, кейін жерге түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, қыз тірі қалған және дереу ауруханаға жеткізілген.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Өңірлік полиция департаменті 1993 жылы туған азаматшаның шынымен де үйдің төбесінен секіргенін растады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.