
- 20 авг. 2025 16:18
- 16
Ақтөбеде 32 жастағы көпбалалы әйел өз-өзіне қол жұмсады
Ақтөбеде қайғылы жағдай тіркелді. 18 тамыз күні таңғы уақытта ер адам 32 жастағы жұбайын үйінде асылып тұрған күйде тауып алған. Ол жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, әйелді аман алып қала алмады.
Марқұмның артында кәмелетке толмаған төрт баласы қалды. Күйеуінің айтуынша, әйелі соңғы кездері күйзеліске түскен.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Психологтар жақындардың психологиялық жағдайына бейжай қарамауға шақырады.
-
10 тамызда Алматы қаласында әлемге танымал америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді деп жоспарлануда. Алайда бұл шараның өтуі қазір сұрақ тудырып отыр. Себебі қоғам белсендісі Сауле ...