
- 20 авг. 2025 17:58
- 17
Талғарда атышулы "Хутор" тобына қатысты іс қарала бастады
Талғарда атышулы "Хутор" тобына қатысты іс қарала бастады,-деп жазады Инфохаб
Алматы облысы, Талғар қалалық сотында Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдаулар басталды. Ол адам ұрлау, бопсалау және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру баптарымен айыпталып отыр. Қасымбаевпен бірге тағы бес күдікті сот алдында жауап беруде.
“Хутор” атауы қоғамға Шерзат Полаттың қазасынан кейін жиі айтыла бастаған еді. Сол оқиғадан соң қылмыстық топқа Қасымбаевтың қатысы бар деген болжамдар пайда болды.
Қазір сот процесі ашық түрде жүріп жатыр. Айыпталушылар кінәсін мойындаған-жатпағаны әлі белгісіз.