Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Ақтөбеде әкімнің қызғалдақпен түскен суреті жұртшылықтың ашуына тиді

Aқтөбе облысында ауыл әкімі Ләззат Бердібаеваның қызғалдақпен түскен фотосы әлеуметтік желіде дау туғызды. Мұғалжар ауданына қарасты Құдайберген Жұбанов ауылдық округінің басшысы дала гүлін ұстап түскен суретін желіге жариялаған.

Тұрғындар бұл әрекетті мемлекеттік қорықтағы өсімдікті жұлумен тең деп қабылдап, билік өкіліне заң алдында жауап беруін талап етті. Қызғалдақтар – сирек кездесетін және қорғалатын өсімдіктер тізіміне кіреді.

Ал әкім өз әрекетін түсіндіріп, гүлді қызы сыйлағанын, әрі демалып жүрген аумақта тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері болмағанын айтты.

Облыстық Полиция департаменті әкімнің гүлді өзі жұлып алғанын нақтылайтын айғақтың жоқ екенін хабарлады. Қазір Мұғалжар аудандық полициясы бұл жайтқа байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

You Might Also Like

Новости

Реклама