Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Ақтөбеде жол қауіпсіздігі орталығының басшысы 8 жылға сотталды

Ақтөбеде жол қозғалысы және цифрлық қауіпсіздік саласына жауапты мекеме басшысы аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, «Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» КММ директоры А. Тілмағамбетов жеке кәсіпкермен сөз байласып, жалған мемлекеттік сатып алу шартын жасасқан. Салдарынан, орындалмаған жұмыстар үшін 35 миллион теңге заңсыз төленген.

Одан бөлек, күдікті жол таңбаларын салу жұмыстары бойынша да заң бұза отырып, 237 млн теңге бюджет қаржысын ысырап еткен. Бұл қаражат кепілдік міндеттемелер аясында тегін орындалуы тиіс еді.

Ақтөбе қаласының №2 соты Тілмағамбетовті 8 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетті. Оның сыбайласы А. Кусумов та 7 жылға сотталып, коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда қызмет ету құқығынан айырылды.

Айта кету керек, үкім заңды күшіне енген жоқ. Конституция талаптарына сәйкес, азамат соттың заңды үкімі шыққанға дейін кінәсіз деп танылады.

You Might Also Like

Новости

Реклама