tengrinews.kz
- 10 мая 2026 08:30
- 18
Артемьевск кенішінде 9 мамырда адам қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьевск кенішінде 9 мамыр күні қайғылы оқиға болды. «Востокцветмет» ЖШС-ның кенішінде жұмыс істеген механик биіктіктен құлап, қаза тапты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, шаң- желдету қызметінің механигі шамамен тоғыз метр биіктіктен құлап, тірі қалмайтын жарақаттар алған. Оқиғаның себеп-салдарларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары басталды.
«Компания қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына қажетті барлық көмек көрсетіледі», - деп хабарлады KAZ Minerals баспасөз қызметі.
Бұл оқиға кен өндіру саласындағы еңбек қауіпсіздігінің маңыздылығын тағы бір рет еске салады. Өткен жылы да осы компанияның «Ертіс» кенішінде белгісіз затпен уланудан төрт адам қаза тапқан болатын.