Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 04 июн. 2026 14:00
- 28
Асхат Аймағамбетов білім саласындағы тиімсіз шешімге алаңдаушылық білдірді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім беру саласына қатысты қабылданған жаңа заң нормасына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, бұл шешім саладағы ең тиімсіз әрі қисынсыз қадамдардың бірі болуы мүмкін.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заң жобасының мәселесі
Депутат Сенаттан келген заң жобасы Мәжілісте бірнеше рет талқыланғанын, сол кезде бірқатар ескерту мен дәлел айтылғанын атап өтті. Алайда, оның сөзінше, сарапшылардың пікірі мен талқылау барысында көтерілген уәждер ескерілмеген.
«Бүгін білім беру саласына байланысты ең тиімсіз әрі ең қисынсыз шешімдердің бірі қабылданды. Сенаттан келген заң жобасын біз бірнеше рет талқыладық. Кәдімгідей пікірталас болды. Бірақ сол кездегі пікірталаста айтылған аргументтерді ескермей, сарапшылардың пікірін тыңдамай, үнсіз түрде 4 млн баланың тағдырына теріс әсер ететін шешім қабылданды», – деді Асхат Аймағамбетов.
Басқару құзыретінің өзгеруі
Оның айтуынша, негізгі мәселе мектептер мен балабақшаларға қатысты басқару құзыретін облыс әкімдерінен алып, аудан әкімдеріне беру туралы шешімге байланысты.