Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Әскери техниканың Батыс Қазақстандағы қозғалысы: Қорғаныс министрлігі түсінік берді

Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Жылыой ауданында әскери техниканың жүргені туралы фото мен видеолар тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл жайтқа қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі түсінік берді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери бөлімдердің, соның ішінде әуе қорғанысы құрылымдарының теміржол көлігімен тасымалдануы жоспарлы түрде, жауынгерлік даярлық шаралары аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта бөлімшелердің ұтқырлығын арттыру, олардың үйлесімділігі мен мақсатына сай тапсырмаларды орындауға дайындығы, соның ішінде маңызды нысандар мен аудандарды қорғау мәселелері пысықталуда.

Ведомство мұндай іс-шаралар Қарулы Күштерді даярлаудың тұрақты тәжірибесі екенін және бекітілген жоспарларға сәйкес өткізілетінін атап өтті. Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілер мен БАҚ пайдаланушыларын ресми емес ақпараттарды таратпауға және ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Новости

Реклама