Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
Асқар Жұмабекті әріптесіне қол жұмсады деп айыптады

Қазақстандық актер әрі модель Асқар Жұмабек тағы да даудың ортасында қалды. Әлеуметтік желіде оның әріптесі Айнур есімді азаматша актердің өзіне қол көтеруге тырысқанын айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғаның мән-жайы

Айнурдың айтуынша, актер Асқар Жұмабек түсірілімге уақытында шығу үшін оны оятуды өтінген. Алайда, Айнур актерді оятуға келгенде, ол ашуланып, айқайлап, қорқытып тастаған.

«Мен әлі күнге дейін дірілдеп отырмын, қорқынышты... Егер жанында әріптес-видеограф болмағанда, мені ұрмақшы болды», - деп жазды Айнур Threads желісіндегі парақшасында.

Бұған дейінгі оқиғалар

Бұл Асқар Жұмабектің зорлық-зомбылыққа қатысты аты шығып отырған алғашқы жағдай емес. 2023 жылы актер караоке-бардағы төбелес үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Арада бір жыл өткен соң, сот оның өтелмеген жазасын айыппұлға ауыстырып, мерзімінен бұрын бостандыққа шығарды.

Новости

Реклама