
- 07 июл. 2025 14:53
- 28
Астана күнінде елордада 39 сәби дүние есігін ашты
Елорданың төл мерекесі – Астана күні ерекше қуанышпен басталды. 6 шілде күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейінгі уақыт аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 39 нәресте дүниеге келді. Олардың ішінде 22-сі – ұл бала, 17-сі – қыз бала.
Ақ халаттылардың айтуынша, жаңа туған сәбилер мен аналардың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлер толық бақылау жүргізіп отыр. Перзентханаларда қуаныш пен тебіреніс қатар жүріп, мерекелік көңіл-күй ерекше сезілді.
Елорда күнімен тұспа-тұс туған бұл сәбилердің болашағы жарқын, өмірі сәтті болсын деп тілейміз. Бұл – жаңа өмірдің басталуы мен ел болашағына үміт сыйлаған күн болды.